Жаңалық
28 қаңтар 2021

Болат Назарбаевтың қоғамдық қоры студенттерге араб тілін меңгеруге арналған 200 заманауи кітап сыйлады

"Қорымыз ағарту ісіне бағытталған бірнеше істі жүзеге асырады. Бүгінгі шара – соның дәлелі. Біз "Нұр-Мубәрак" университетінің студенттері үшін "At-Takallum" атты араб тілін меңгеруге арналған 200 оқулық әпердік. Осы кітаптар Қазақстанның сауатты азаматтарын көбейту жолындағы баспалдақтың біреуіне айналсын", - деді, - қор директоры Қ.Қасабеков.
28 қаңтар күні Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры "Нұр Мүбәрак" Египет ислам мәдениеті университетінің студенттеріне араб тілін меңгеруге арналған 200 заманауи оқулық сыйлады.

Жақында қор әкімшілігіне "Нұр-Мүбәрак" Египет ислам мәдениеті университетінің оқушылары араб тілін зерттеуге арналған "At-Takallum" атты оқулық әперуімізді сұрап хабарласты. Оқулық шәкірттерге бағдарламаны тез игеріп, тіл меңгерудің академиялық деңгейіне тез өтуге мүмкіндік беруімен құнды.
Өз кезегінде "Нұр-Мубарак" Египет ислам мәдениеті университетінің Ректоры Мухаммад әл-Жинди қор басшыларына алғысын білдірді.

""Нұр-Мубарак" Египет ислам мәдениеті университетінің атынан қор директоры Қ Қасабековке "At-Takallum" кітабы сынды құнды сыйлығы үшін алғыс айтқым келеді. Бұл кітап – араб тілін меңгеруге арналған ең үздік оқу құралы.",- деді Мухаммад әл-Жинди.

Университет студенттерінің бірі Мұстафа Иманалиев білім алуға жәрдемдесіп жатқаны үшін қорға рахметін жеткізді.

"Бұл кітап бізге тек араб тілін игеруге ғана емес, оны дұрыс қолдануға да көмектеседі. Мысалы, осы тілде дұрыс сөйлеу, жазу және аударуды меңгере аламыз",- деген ойымен бөлісті Мұстафа Иманалиев.

Кітаптар "Нұр-Мубарак" университетінің кітапханасында сақталатынын және барша оқушыларға қолжетімде болатынын еске сала кету керек. Оқу құралының 4 томы бар және бұл кітап арқылы тіл үйренуді ең басынан немесе кез келген деңгейден ары қарай оқып үйренуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның білімді жастарының қалыптасуына үлес қосу - "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының негізгі бағыттарының бірі. Қор бұл бағытта бірнеше шаруа тындырып жүр. 2020 жылдың күзінде Алматыдағы және Алматы облысындағы компьютерінің жоқтығынан қашықтан оқуды жалғастыра алмаған оқушыларға 1 000 ноутбукты сатып алып, сыйлады. Одан бөлек, қор әрдайым дарынды жастарға қолдау көрсетеді. Мысалы, 2020 жылдың аяғында Болат Назарбаевтың қоры 100 жас қарияға 300 мың теңге көлеміндегі стипендия тағайындады.
E-mail поштаңызды жазыңыз, бiз Сiзге хабарласамыз!
Ерікті болғыңыз келе ме?
Бізбен байланыс
Телефон: 8 727 239 72 08

Email: Salikaly_urpak@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы, Алатау ауд., Әйгерім-2 ы/а., Бәйтенев к-сі 55
Copyright ©2021 Барлық құқықтар сақталған