«Салиқалы ұрпақ»
қоғамдық қоры
Біз қорымыздың көмегімен |
құрамыз.
«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры
Біз қорымыздың көмегімен
| құрамыз.

Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорына қош келдіңіз

Қор қызметінің басты бағыттары – қайырымдылық және әлеуметтік жобалар. Біз азаматтық бастамаларды қолдаймыз, нақты әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды іске асыруға көмектесеміз.
Біз туралы
Өмірдің қиын жағдайларына тап болған балалар мен жасөспірімдерге арналған жобаларды іске асыру
Балаларға арналған қосымша білім беруді дамыту
Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілді дамыту
Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу
жыл
8
Еріктілер
50
Жобалар
20
Біз сегіз жыл көлемінде адамдарға көмек көрсетудеміз. Бізге сенеді, бізді жақсы көреді.
Соңғы жаңалықтар
Біз жайлы оқыңыз
2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы
Біз айналысатын жобалар көбіне халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсетумен, халықты отбасы, отанға деген сүйіспеншілікке, жастарды патриоттыққа тәрбиелеумен, сондай-ақ спорт және салауатты өмір салты мәселелерімен байланысты.
Қасабеков Қасым
Қор басшысы
Біз айналысатын жобалар көбіне халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына көмек көрсетумен, халықты отбасы, отанға деген сүйіспеншілікке, жастарды патриоттыққа тәрбиелеумен, сондай-ақ спорт және салауатты өмір салты мәселелерімен байланысты.
Қасабеков Қасым
Қор басшысы
Біздің жобаларымыз
Біздің мақтанышымыз
30.09.2020
Қор мұқтаж отбасылардың балаларына жазғы лагерь ұйымдастырды
12.07.2020
Қор қашықтықтан білім алуға ноутбуктер табыстады
12.03.2020
Қор су апатынан зардап шеккен отбасыларға ұй құрылыс бастады
Жетімнің де жүрегі арманға толы
«Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры – тағдырдың ауыр сынақтарына ұшыраған балалар үшін үміт отын жаққан мекен. Мұнда әр балаға қамқорлық көрсетіліп, жарқын болашаққа сенім берілді. Қордың шуағына бөленген әр тәрбиеленушінің өмір жолы жүрекке жылы тиер, әсерлі хикая.
Әке-шешесіз қалған Танжарық 2018-2021 жылдары пансионатта білім алып, тәрбиеленді. Ол оқу-білімді өзіне серік етіп, пансионат қабырғасында жүргенде де көп ізденетін. Жаңа дүниелерді зерттеуге, үнемі қарап білуге ұмтылатын. 9-сыныптан кейін колледжге түскен Таңжарық 1 жылдан соң, әскер қатарына алынып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанады. Ерекше қабілетімен көзге түскен ол басшылықтан мақтау-марапаттал алып, әскерден абыроймен оралады. Өсіп-өнген жерін, бізді ұмытқан емес. Ылғи хабарласып, тіпті арнайы келіп кетеді. Өмірге деген құштарлығы мен еңбегінің арқасында Еуразия ұлттық университетінің грантын жеңіп алып, қазір Астанада 1-курста оқып жүр. Талабыңа нұр жаусын, Таңжарық!

Танжарықтың жеңісі
Әкесі ұзақ мерзімге сотталған, ал анасы баласын жалғыз қалдырып кеткен Руханидың тағдыры да ауыр болды. Бірақ ол қиындықтарға мойымай, ешкімге жалтақтамауды жөн көрген Рухани 2017-2024 жылдары пансионатта тәрбиеленді. Жастайынан оқу-білімге құштар болған ол, мектепті жақсы аяқтап, ЖОО-на түсуге талпынады. Бүгінде ол біздің ғана емес, бүкіл елдің мақтанышына айналды. Қазіргі таңда ҚазҰПУ-дың грант иегері және сол университеттің волейбол командасында өнер көрсетіп жүр. Талай жарыстарға барып, топ жарып жүрген Руханидің жеңісі біздің пансионаттағы балаларды кәдімгідей жігерлендіреді. Бізбен байланысын үзген емес. Өзінен кейінгілерге үлгі, біз үшін мақтанышымызға айналған баламызды дұғамыздан тастамаймыз!
Руханидың жетістігі.
Бекзат анасыз қалғаннан кейін, тағдырдың қиындығына тап болады. Бірақ 2016-2017 жылдары «Салиқалы ұрпақ» қорының «Береке үйіне» келіп, мұнда тәрбиеленіп, өзіне деген сенімін оятты. Бұл жерде көптеген дос, жанашыр бауыр тауып, ер жеткен соң, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды. Әскердегі қатаң тәртіп Бекзаттың бұрыннан бойында бар батырлығы мен қайсар мінезін одан сайын жанып, ерекше көзге түседі. Талай мақтау мен марапаттарға да ие болады. Сөйтіп 2022 жылы әскерден оралғаннан кейін, Алматыға келіп, еңбек етіп, өз армандарына қадам басуда. Жақында ғана пансионатқа келіп, мұндағы тәрбиешілермен, тағдыр қосқан бауырларымен қал-жағдай сұрасып, біраз шүйіркелесіп, өзі де, біз де мәре-сәре боп қалдық. Қайсарлығыңмен талай қамалды аласың, батыр Бекзат! Біз саған сенеміз!
Батыр Бекзат
Анасыз қалған егіздер – Омар мен Оспанның тағдыры да әуелі Алла, сосын біздің қордың қамқорлығымен өзгерді. Өз ортасына сыйлы ұлдар 2016-2017 жылдары “Береке үйінде” тәрбиеленіп, өмірге нық сеніммен қадам басты. Алған тәрбие мен жиған тәжірибе, оқыған білімдерінің арқасында біреуі білім қуып, екіншісі үлкен өмірге қадам басып, жауапкершілік тізгінін өз қолдарына алды. Қазір Омар колледжде оқып жүрсе, ал Оспан отбасын құрып, жұмыс істеп жатыр. Білімдерің ел игілігіне жұмсалып, еңбектерің елене берсін! Алла адал кәсіп нәсіп етсін!
Омар мен Оспан: Егіздердің тағдыры.
Әкесінен ерте айырылған Мұқағали 2017-2021 жылдары пансионатқа келіп, қордың қамқорлығын сезінеді. Жырақта жүрсе де, үйдегі жалғыз анасын ойлап, үнемі қамқорлық танытатын. Үй шаруасына да мығым, түздің тірлігін де тындырымды істейтін Мұқағали бізден кеткен соң, 2023-2024 жылдары әскерде борышын өтеп қайтады. Отан алдындағы да, отбасы алдындағы да жауапкершілікті жақсы сезінетін Мұқағали қазір жұмыс істеп, өмірден өз орнын табуда. Үнемі ақыл сұрап, өзінің жағдайын айтып, жоспарларымен бөлісіп тұрады. Үлкендерге, тәрбиешілерге құрметі ерекше. Анасының ақ батасын алған ұлдың жолы ашық болары сөзсіз.

Мұқағалидың еңбек жолы
2009 жылы дүниеге келген Диас тағдырдың жазуымен анасыз қалады. Сөйтіп 2016-2017 жылдары ол біздің пансионатта тәрбиеленді. Қазір мектепте оқып жүр, болашағына үлкен сеніммен қарайды. Біз де саған сенеміз, Диас! Алған тәрбиең мен біліміңді көрсет. Тек қана алға!
Диастың үміті
Анасының махаббатынан ерте айырылған Нұрсұлтан 2018 жылдан бері қордың қамқорлығында болды. Тәрбиешілердің ыстық алақанының жылуын, мұндағы тағдыр қосқан дос-бауырларының қолдауына ие болды. Қиялы жүйрік, ойы анық Нұрсұлтанның бала күннен арман асқақ еді. Қазір ол архитектура, дизайн және инженерия колледжінде білім алып, үлкен армандарына жақындап келеді. Болашағыңның жарқын боларына сенеміз, тек алға ұмтыла бер, Нұрсұлтан!
Нұрсұлтанның арманы
Бұл балалардың тағдыры қанша ауыр болғанымен, олар өз өмірлерін «Салиқалы ұрпақ» қоры арқылы түбегейлі өзгертті. Олар мейірім мен қамқорлықтың арқасында биік белестерге ұмтылып, армандарын жүзеге асыруда.
Сіздің көмегіңіз арқылы тағы да талай бала өз болашағына сенімді бола алады. Біздің қорды қолдап, бірге ізгіліктің дәнін себейік!
Жүрекке жылу сыйлайық
Біздің команда
Сенімді адамдар
Галерея
Біздің қордың фотосуреттері мен бейнематериалдары
Біздің марапаттар
Благодарственное письмо - Фонд "Салих Несил"
Благодарственное письмо - Премьер-министр Республики Казахстан
Благодарственное письмо - Президент Республики Казахстан
Благодарственное письмо - Генеральное консульство Турции в Алматы
Благодарственное письмо - Университет Хитит
Благодарственное письмо - Общественное объединение "Жайык"
Благодарственное письмо - Университет Нур-Мубарак
Благодарственное письмо - Управление образования Алматинской области
Благодарственное письмо - AMANAT Media
Благодарственное письмо - Духовное управление мусульман Казахстана
Благодарственное письмо - Духовное управление мусульман Поволжья
Ерікті болғыңыз келе ме?
E-mail поштаңызды жазыңыз, бiз Сiзге хабарласамыз!
Общественный фонд Болата Назарбаева
«САЛИҚАЛЫ ҰРПАҚ»

БИН: 160440001707
Юр.адрес: 050047, Алматы, Алатауский р-он,
мкр. Айгерим-2 Ул. Байтенева д.55
ИИК KZ14722S000001093750
KASPI BANK
БИК CASPKZKA
Тел. 8 727 239 72 08
Директор Қасабеков Қасым Камбарович
Сұрақтарыңыз бар ма?
Біз сізге қоңырау шаламыз!
Реквизиттеріміз
Бізбен байланыс
Телефон: 8 727 239 72 08

Email: Salikaly_urpak@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы, Алатау ауд., Әйгерім-2 ы/а., Бәйтенев к-сі 55
Copyright ©2021 Барлық құқықтар сақталған