Жаңалық
10 Қазан 2023

Алтай Республикасының бас мүфтиі Жанболат Охтаубаев Қазақстанға келді!

Алтай Республикасының бас мүфтиі Жанболат Охтаубаев Қазақстанға келді!
"Қашан да болсын, біздің "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры қазақ салт-дәстүрін, қазақтың тілін дамытуға ат салысып келеді. Естеріңізде болса Ресей Федерациясының Саратов облысындағы қазақтарды алдыртып, қазақ тілін үйренуден бір ай курстан өткізген болатынбыз. Сол сияқты бүгін біздің қонағымыз болып, Ресей Федерациясы Алтай Республикасының бас мүфтиі және 7 қазақ азаматы келіп отыр. Біздің қорымызға, елімізге келді. Бірге жұма намазын оқыдық. Медеу, Көктөбе және де тағы да Алматының әсем жерлерін аралатып көрсеттік. Қазақтың салт-дәстүрін таныстырып, барлық жағынан қонақжайлығымызды көрсетіп отырмыз. Басты мақсат шет жақтағы қазақ қандастарымыз қазақ елі қайда болса да тату-тәтті өмір сүрсе екен, ынтамастық болса деген ниеттеміз. Футбол және волейбол ойнап, жарыс өткіздік. Біз Қазақтарды ауызбіршілікке шақырамыз! Қазақтар бірге болса, ешкім бізді сырттан ала алмайды" - деді қор басшысы Қасым Қасабек

E-mail поштаңызды жазыңыз, бiз Сiзге хабарласамыз!
Ерікті болғыңыз келе ме?
Бізбен байланыс
Телефон: 8 727 239 72 08

Email: Salikaly_urpak@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы, Алатау ауд., Әйгерім-2 ы/а., Бәйтенев к-сі 55
Copyright ©2021 Барлық құқықтар сақталған