Жаңалық
21 декабря 2020

2023 жылдың 13 қарашасында ұзаққа созылған науқастан кейін «Салиқалы ұрпақ» Қоғамдық қорының негізін қалаушы Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден өтті.

2023 жылдың 13 қарашасында ұзаққа созылған науқастан кейін «Салиқалы ұрпақ» Қоғамдық қорының негізін қалаушы Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден өтті.
Бүгін, 2023 жылдың 13 қарашасында ұзаққа созылған науқастан кейін «Салиқалы ұрпақ» Қоғамдық қорының негізін қалаушы Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден өтті.

Болат Назарбаев қайырымдылық қызметімен Алматы облысында ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша танымал.

2016 жылы Болат Назарбаев негізін қалаған «Салиқалы ұрпақ» қоры өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға арналған орталық ашты. Қазіргі таңда Қоғамдық қорға қарасты "Береке үйінде" 40 шақты жетім бала тұрақты және толық қамтамасыз етіледі. Қор көп балалы отбасыларға, мүгедектерге емделу және білім алу үшін ай сайын қаржылай көмек көрсетеді, сондай-ақ аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін береді.
Сонымен қатар 2020 жылы Болат Назарбаев Қоры COVID-19-мен күресуге 150 миллион теңге бөлді.

2022 жылы «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына 1 млрд теңге аударды
2023 жылы Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде 500 000 доллар аударған болатын.

Еске салсақ, Болат Әбішұлы ұзақ уақыт бойы қант диабеті мен асқынған қатерлі ісік ауруымен күресті. Қор құрылтайшысының ауруының алғашқы белгілері 2015 жылы анықталды. Алғашқы ота 2017 жылы, ал қайталау отасы 2021 жылы жасалды.

Болат Назарбаев ауыр хал үстінде болса да қайырымдылықты ешқашан тоқтатқан емес және де халықпен бірге болып, мұқтаж жандарға көмегін аямады.

Отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз!

"Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабек.



E-mail поштаңызды жазыңыз, бiз Сiзге хабарласамыз!
Ерікті болғыңыз келе ме?
Бізбен байланыс
Телефон: 8 727 239 72 08

Email: Salikaly_urpak@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы, Алатау ауд., Әйгерім-2 ы/а., Бәйтенев к-сі 55
Copyright ©2021 Барлық құқықтар сақталған