Мешітте намаз оқу үшін қолайлы жағдай жасалған. Ғимаратта салқындату жүйесі қосылған, барлық намаз оқу залдарында «жылы еден» жүйесі енгізілген. Қауіпсіздікті сақтап, респираторлық инфекциясының таралуының алдын-алу мақсатында мешітте санитариялық-эпидемиологиялық талаптар сақталған.
«Мешіт – қаланың дамуының айқын үлгісі. Мешіттің ашылу рәсіміне дейін студенттерге арналған жатақхананы араладық. Барлық жағдай жасалған. Жастар – еліміздің болашағы. Сонымен қатар, жастар орталығына барып, Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдерімен кездестік. Бұл жақта ұлтаралық және дінаралық келісімге үлкен мән берілген», - деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы
.
Ермек Келемсейіт, Алматы облысы ардаргерлер кеңесінің төрағасы:
- Біріншіден, бұл маңда 600 отбасы тұрады. Жастары бар, басқасы бар. Сол балаларға осындай мешітке деген мұқтаждық болуы мүмкін еді. Бұл нағыз Жетісу халқына, Талдықорған жұртшылығына үлкен құрмет, жақсы сый болды.
«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры діндар және мұқтаж жандарға ерекше көңіл бөледі. Қорды 2016 жылы Болат Назарбаев құрған еді.
Осы уақытқа дейін Болат Назарбаев қолдауымен Алматы облысында 350 орынға арналған және Алматы қаласында 1 000 адамға арналған мешіт салынды.
2020 жылы қор коронавирусқа қарсы күрес үшін 150 миллион теңге бөлді.
Түркістан облысының Мақтарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жиырма үй салып берді. Алғашқы күні-ақ жапа шеккен жандарға 20 тонна гуманитарлық жүк жеткізді. Аз қамтылған отбасылардың 20 баласы жазғы лагерьде демалды.
Сонымен қатар, Алматы қаласы мен Алматы облысында аз қамтылған отбасылардың оқушыларын қолдау мақсатында қордың жеке қаражатынан қашықтан білім алу үшін 1 000 ноутбук үлестірілді.