Жаңалық
20 наурыз 2020

«Салиқалы ұрпақ» қоры коронавирусқа қарсы күреске қаражат бөледі

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінен кейін Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры COVID-19 пандемиясымен күреске 150 млн. теңге қаражат бөлді.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі бөлінген қаражаттың коронавирус салдарымен күрес қорына жіберілгендігін хабарлады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының үндеуі біздің қоғамның әрбір мүшесінің жүрегіне жетті. Біз үндеуде айтылған әрбір мақсат-міндеттерді орындау үшін барлық қолжетімді күштер мен құралдарды пайдалануға уәде береміз, - деді Қор басшысы Қасым Қасабеков.
Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуінен кейін «Салиқалы ұрпақ» қоры жедел түрде мемлекет пен азаматтардың вирус салдарымен күресуі, сондай-ақ оның таралуына жол бермеу мақсатында өз қаражатынан 150 млн. теңге бөлді.

Айта кету керек, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорын Елбасының туған інісі Болат Назарбаев 2016 жылы құрған болатын. Қор жанынан жетім балалар мен тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға арналған «Берекелі үй» пансионаты құрылды.

Қор мұқтаж жандарға қаржылай қолдау көрсетіп, киім-кешекпен, дәрі-дәрмекпен, азық-түлікпен және бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, Алматы облысының бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетовтың қаулысына сәйкес, Алматы территориясынан шыққан әрбір облыс тұрғыны екі апта оқшаулануы тиіс.
1. 1. Қала және аудан әкімдері, Алматы облысының полиция департаменті төмендегілерді жүзеге асырсын:
1) Алматы қаласында жұмыс істейтін және шекараның жабылуына байланысты Алматы қаласынан шыққан Алматы облысының тұрғындарын 14 күнге үйде оқшаулау (үй карантині);
2) науқастарды ерте анықтау және уақтылы оқшаулау үшін әуе, теміржол, автомобиль көлігі арқылы Алматы, Нұр-сұлтан қалаларынан келген жолаушыларға қол қойдыру арқылы хабарлап және сауалнама жүргізе отырып, 14 күнге үй карантиніне алу;
2. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы жүзеге асырсын:
1) МСАК медицина қызметкерінің 14 күн ішінде қоңырау шалу арқылы тұратын (болатын) жері бойынша бақылауы;
3. Алматы облысының Алматы қаласымен шекаралас Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Іле, Талғар аудандарының әкімдері, Алматы облысының полиция департаменті жүзеге асырсын:
1) карантиндік аймақтан (карантинге дейінгі аймақтан) 5 км қашықтықта халықтың жүріп-тұруын бақылау және тыйым салу мақсатында тәулік бойы патрульдеу. Шектеу белгілерін орнату;
2) тиісті қызметтердің (ветеринариялық қызмет, фитосанитариялық қызмет) герметикалық оралған жүктерін өңдеу және фумигациялау. Герметикалық емес буып-түйілген жүктерді тасымалдауға жол бермеу. Дезинфекция үшін нұсқаулыққа және рұқсат етілген концентрацияға сәйкес Қазақстан Республикасында рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарын пайдалану.
4.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
E-mail поштаңызды жазыңыз, бiз Сiзге хабарласамыз!
Ерікті болғыңыз келе ме?
Бізбен байланыс
Телефон: 8 727 239 72 08

Email: Salikaly_urpak@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы, Алатау ауд., Әйгерім-2 ы/а., Бәйтенев к-сі 55
Copyright ©2021 Барлық құқықтар сақталған