Жаңалық
27 каңтардың 2021

«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік себетін таратты

27-қаңтарда Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты қайырымдылық науқанының аясында аз қамтылған 100 отбасыға азық-түлік себетін таратты. Ізгі шараға Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Әлкебайұлы Данияр, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков қатысты.
Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры азық-түлік себетін үшінші жыл қатарынан таратып келеді. Отбасылардың тізімі әкімдіктер мен мешіттер арқылы бекітіліп, қор қызметіне ұсынылады. Басты мақсатымыз - мұқтаж 100 отбасыны 12 ай бойы үздіксіз азық-түлік себетімен тегін қамтамасыз ету. Себбеттерде азық-түліктердің 15 түрі: қант, май, ұн, дәнді дақылдар, жеміс-жидектер, көкеністер және тағы басқалары бар», – деді де Қ.Қасабеков, карантин кезінде әкімдіктің рұқсаты бойынша қор өз отандастарына көмектесіп, мұқтаж отбасыларға азық-түліктерді жеткізгенін қоса кетті. Сонымен қатар, қор бүгінгі күні азық-түлік себеттерін өздері ала алмайтын отбасылардың үйлеріне дейін жеткізу жолға қойылғандығын атап өтті.
Пандемия кезінде еліміздің меценаттары, спонсорлары қазақтың бірлігін көрсетіп, көптеген жандарға көмек беріп, қол ұшын созды. Қазіргі қиын жағдайда осындай қолдау көрсетіп жатқан Болат Назарбаев ағамыздың "Салиқалы ұрпақ" қорына үлкен алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімдігі қайырымдылық әлеуметтік жобаларды қолдауға әрдайым дайын», - деді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Н.Тоғызбаева
Ескере кету керек, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының "Қайырымдылық – адамгершілік белгісі" науқаны 2019 жылдан бастап қатарынан үшініші жыл өтіп жатыр. Ол аз қамтылған 100 отбасыны бір жыл көлемінде ай сайын азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге бағытталған. Жыл сайын азық-түлік себетін алушылар тізім жаңарып отырады. Бұл науқан отбасыларға бір жыл бойы азық-түлікке қарды жұмсамай, өмірлік маңызды басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» науқанының себебімен біршама отбасы қаржылық қиындықтардан құтылды. Атап айтсақ, көптен күткен жөндеу жұмыстарын аяқтады, дәрі-дәрмектерге қол жеткізді және өз кәсібін бастады. Осы уақытта Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры 1 400 азық-түлік себетін таратып,1 189 адамды тағам тауарларымен қамтамасыз етті.
E-mail поштаңызды жазыңыз, бiз Сiзге хабарласамыз!
Ерікті болғыңыз келе ме?
Бізбен байланыс
Телефон: 8 727 239 72 08

Email: Salikaly_urpak@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы, Алатау ауд., Әйгерім-2 ы/а., Бәйтенев к-сі 55
Copyright ©2021 Барлық құқықтар сақталған