Бұл лагерьде балалар ғаламтордан алыс, табиғатқа жақын,
Тянь-Шань тауының етегінде салт-дәстүрге сусындаған бағдарламаның аясында демалып жатыр. Балалар атқа мініп, садақ атып, асық ойнап, бассейнде ойнап, салт-дәстүрді бойына сіңіріп, таутұлға ағалардың өмірбаянын игеріп те үлгеріп жүр. Дәл осындай сауатты ұрпақ – еліміздің жарқын болашағының кепілі! – деді қор директоры Қасым Қасабеков. Сондай-ақ, бағдарлама барысында ұлттық мәдениет пен патриоттық сезімді дамытуға ерекше көңіл бөлінгеніне баса назар аударды.
"OFFLINE демаlike" лагерінің басты мақсаты – жетімдер мен мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға жәрдем беру.