Жаңалық
25 тамыз 2022

"Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры мектеп оқушыларына 2000 сөмке сыйлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жыл - Балалар Жылы деп жариялады. Президентіміздің бастамасын қолдау мақсатында Болат Назарбаевтың "Салиқалы Ұрпақ" Қоғамдық Қоры "Мектепке жол" қайырымдылық акциясын ұйымдастыруды жөн көрді. Науқанның мақсаты - мұқтаж, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі отбасылардағы 2000 оқушыға құрал-жабдықтармен көмек беру.
Сөмкелер мектепке керекті 32 дана құрал-жабдықтармен толық қамтылған. Олардың іші жоғары мен кіші сынып балаларының сабақ барысындағы қажеттіліктерін, қыз балалар мен ұл балалардың талғамдарын ескере отырып толтырылды.
Қайырымдылық акциясы Алматы қаласы мен Алматы облысының Білім Басқармаларымен бірігіп ұйымдастырылуда.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы пандемия кезінде "Салиқалы Ұрпақ" Қоғамдық қоры балалар онлайн түрде сабақ оқуларына мүмкіндіктері болуы үшін Алматы қаласы мен Алматы облысындағы мұқтаж отбасылардағы 1000 оқушыға ноутбук сыйлаған болатын. Сонымен қатар Қоғамдық қоры жетінші жыл қатарынан жетім және мұқтаж отбасылардағы балаларға спорттық-сауықтыру лагерін ұйымдастырады.
E-mail поштаңызды жазыңыз, бiз Сiзге хабарласамыз!
Ерікті болғыңыз келе ме?
Бізбен байланыс
Телефон: 8 727 239 72 08

Email: Salikaly_urpak@mail.ru

Мекен-жайы: Алматы, Алатау ауд., Әйгерім-2 ы/а., Бәйтенев к-сі 55
Copyright ©2021 Барлық құқықтар сақталған