Діни құндылықтарды берік ұстанатын «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының негізін қалаушы Болат Назарбаев халықтың діни сауаттылығын арттыруға бағытталған бірнеше жобаны іске асырып келеді.
Мешіттер мен медреселер салу және абаттандыру «Салиқалы ұрпақ» қоры 2016 жылдан бері Алматыда және Алматы облысында 350 адамға және 1000 адамға арналған мешіттер салды, 2020 жылы Талдықорғанда 3 мыңға дейін адам сыятын «Тәубе» жаңа мешітін ашты. Сонымен қатар, Қор қаражатына Ақтөбе қаласындағы «Еркеле» медресесіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жиһаздар сатып алынды.
Имамдарды қолдау.
Қор Шамалған ауылының мешіттерінде ресми жұмыс істейтін алты имамға қолдау көрсету арқылы халықтың діни сауаттылығын арттыруға өз үлесін қосуда. Оларға ай сайын жалақы төлейді.
Медресе оқушыларын азық-түлікпен қамтамасыз ету
Медресе ежелден ағартушылық ошағы болған. Сондықтан Қор оларға барынша қолдау көрсетіп келеді. Атап айтқанда, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап Қор 120 оқушы білім алатын Үшқоңыр медресесін азық-түлікпен қамтамасыз етіп келеді. Және 90 бала тәрбие алып жатқан «Кәусар» қорына да 2020 жылдан бастап қолдау көрсетілуде.
Оқу ақысын төлеу
Қор жұмысының тағы бір маңызды бағыты - қандай да бір себептермен колледжде, университетте немесе шетелде оқу ақысын төлеуге мүмкіндіктері жоқ дарынды балаларға қолдау көрсету. Осы мақсатта 2018 жылдың желтоқсанынан бастап Қор гранттар мен стипендиялар бөледі.
Емнің ақысын төлеу және дәрілік заттармен қамтамасыз ету
Денсаулығы нашар адамдарға көмек көрсетуге де ерекше назар аударады. Қор қымбат операциялардың ақысын төлейді және дәрі-дәрмектер сатып алады. Осылайша, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Қор 14 адамның денсаулығын жақсартуға көмектесті.
«Тегін такси» акциясы
«Салиқалы үрпақ» қоры 2017 жылдан бастап «Тегін такси» акциясын жүргізіп келеді. Акция аясында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесінде қыз-келіншектерге тегін қызмет көрсетіледі. Ал Наурыз мерекесінде қаланың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін такси іске қосылады. Олардың маршруты Саяхат автовокзалынан басталып Райымбек батыр көшесімен және Алтын Орда базарына дейін жүреді.