10.09.2020 «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры көпбалалы отбасылардың балаларына тегін 1000 ноутбук таратты
Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры көп балалы отбасылардың балаларына 1000 ноутбук үлестірді. Қор басшысының пікірінше, қазіргі таңда мұндай сыйлықтың маңызы зор. Өйткені коронавирус пандемиясына байланысты балалар қашықтан білім алуға мәжбүр. Өкінішке қарай, кейбір отбасылардың ноутбук сатып алуға жағдайлары жете бермейді.
Әр компьютердің бейнекамерасы бар. Сол арқылы балалар Zoom конференциясына кедергісіз қосылып, онлайн-сабаққа қатыса алады. «Салиқалы ұрпақ» қорының директоры Қасым Қасабеков қазіргі таңда Қазақстанның қиын кезеңді бастан кешіріп жатқанын айтады. Сол себепті халық бірігіп, бір-біріне қолдау көрсетуі тиіс. Бұған дейін ҚР Үкіметі онлайн-сабаққа қатысу үшін барлық мектеп оқушысы компьютермен қамтамасыз етілуі қажет деп мәлімдеме жасаған еді.
«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры бұл жолы да шетте қалмай, компьютер сатып алуға жағдайы жоқ ата-аналардың оқушыларына қол ұшын созды. Қор басшысы балалардың сыйлықты дұрыс пайдаланып, жақсы білім алатынынан үмітті.
Алматы облысы әкімінің орынбасары Рүстем Әли балаларға қолдау көрсеткен қорға алғысын білдірді. «Салиқалы ұрпақ» қорына алғыс айтқандардың арасында Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева да бар. Ол кісі оқудың алғашқы тоқсаны онлайн өтетінін және әр компьютерді мұқтаж балаларға үлестіретіндерін жеткізді.
Азамат Ахметов
Жоба басшысы
«Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры көпбалалы отбасылардың балаларына тегін 1000 ноутбук таратты
Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры көпбалалы отбасыларға 1000 ноутбук сыйға тартты «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков пандемия кезеңінде қордың басты мақсаттарының бірі балалардың білім алуын қамтамасыз ету болғандығын айтты. Сол себепті, қор Алматы қаласының Білім басқармасына 500 компьютер беруге шешім қабылдаған. Бұл қадам білімді ұрпақ қалыптасуы мен еліміздің жарқын келешегіне кепіл болмақ.
Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры Түріксіб, Наурызбай және Алатау аудандарының көп балалы отбасыларына ноутбуктер сыйға тартты.
Көпбалалы ана Жаңылсын Отбаева пайдалы сыйлық (2 ноутбук және 2 сим-карта) таратқан қорға алғысын айтты. Қарапайым ананың 6 баласы бар. Олардың сабақ үлгерімін жақсарту үшін 2 ноутбук жетіспеген еді. Енді ол кісінің балаларының білім алуда үлкен жетістіктерге жететініне сенімі мол.
COVID-19 пандемиясына қарсы күрес мақсатында Алматы мектептері онлайн-сабаққа ауыстырылған болатын. Қазіргі таңда бюджет қаржысынан қаланың 77 000 мұғалімі мен оқушысын компьютемен қамтамасыз ету мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Техниканың басым бөлігі берілген.