Болат Назарбаевтың қолдауымен ұйымдастырылған жазғы лагерьде балалар әртүрлі спорттық шаралар мен ұлттық ойындарға қатысты. Олардың арасында қазақша күрес, арқан тарту, бәйге, бүркітпен саят құру және тағы басқалары бар.
Он күн ішінде балалар арнайы зияткерлік байқауларға қатысып, көпшілік алдында сөйлеу шеберліктерін дамытуға мүмкіндік алды. Мақтарал ауданынан келген оқушы Рахат Тынышбектің айтуынша, лагерь табиғаты тамаша жерде орналасқан, ал тәлімгерлер балалардың уақытты қызықты өткізуі үшін бар күш-жігерін жұмсапты. Күн сайын лагерьде әртүрлі жарыстар мен қызықты байқаулар өткізілген. Балалар ұлттық ойындарға қатысып, тауға шығып серуендеді.
Лагерьде балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау үшін медицина қызметкерлері жұмыс істеді. Ал, аспаздар балалар үшін пайдалы, дәрумендері көп тағамдар дайындады. Он күн бойы лагерьде керемет көңіл-күй сезіліп, жағымды атмосфера қалыптасты.
Тәлімгер Мирас Қанатұлы жазғы лагерь балалардың денсаулығын басты назарға ала отырып ашылғанын, оларға ұмытылымас демалыс ұйымдастыруға тырысқанын атап өтті. Ұлттық нақышта ұйымдастырылған лагерь балаларға қазақтың салт-дәстүрі мен туған өлкенің мәдениетінен сыр шертіп, Отанына деген махаббатын оятуды мақсат етті.
Жалпы,
Болат Назарбаев қоры оқушыларға белсенді қолдау көрсетіп келеді. Бұған дейін, Алматы қаласымен Алматы облысындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың оқушылары карантинде қашықтан білім алуы үшін, қор 1000 жаңа ноутбукты тегін таратқан еді.
«Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық қоры 2016 жылдың сәуірінде құрылды. Қор бірнеше бағытта жұмыс істейді: аз қамтылған отбасылардың жетім балаларын қолдау және тәрбиелеу, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік үлестіру, емге мұқтаж жандарға қаражат бөлу, оқу ақысын төлеу. Сонымен қатар, халық ансамбльдеріне қолдау көрсетіп келеді. Қордың бастамасымен Қазақстанда бірнеше мешіттің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Болат Назарбаев Алматы облысында өткізіліп жүрген мәдени және спорт шараларына жиі демеуші болып та жүр.